Маман-Тұрысбек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Маман-Тұрысбек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1213
Жетісуда бай өткен Маман деген,
Мектеп ашқан, алысып наданменен.
Байлық деген – білгенге қолдың кірі,
Адам күні – қашанда адамменен.
Маман­Тұрысбек малына мастанбаған,
Адамдықпен атағы аспандаған.
Дарақының қолына байлық тиіп,
Оңды­солды жалғанда шашқан жаман.
Дүние, шіркін, тайдырмас кімді жолдан,
Қайыры жоқ не пайда күллі малдан?
Маман­Тұрысбек армансыз, ағайындар,
Мәңгілікке артында үлгі қалған.
Алтын басып жатқандар жамбасына,
Жарқанаттай жабысқан жар басына.
Сараң байдың тұқымы толыр жүр ғой,
Маман байдың жұрнағы бар ма, сірә?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері