Өлең, жыр, ақындар

Тұңғиық көкте нұр шашып

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 350
Тұңғиық көкте нұр шашып, жұлдыздар қанша самсаған,
Жұлдызын іздеп қайда деп, қарайтын шығар барша адам.
Шынары ма едің шындықтың – шырқаудан жүрек аңсаған,
Сыр әні ме едің мұңлықтың айта-айта сені шаршаған.
Жұлдызың жана берсін деп айтамыз досқа, танысқа,
Сыналар кезі келгенде шыдамай ар мен намысқа.
Жұлдызы жанған жігіт деп қараймыз дулы жарыста,
Көңілін көптің көтеріп топ жарып шыққан арысқа.
Жұлдызым менің, қайдасың, көрінер кезің жетті ме?
Жарығың әлде жанардың жасы боп ағып кетті ме?
Көрсем деп сенің жүзіңді шарласам шексіз көкті де,
Көрсем деп таңды атырып, батырдым талай кешті де.
Жүзіңді бәлкім, жұлдызым, көшпелі бұлт қалқалап,
Тағдырдың салған салмағын жүрсің бе жалғыз арқалап.
Мен сені көрсем дегелі сарғайып солып қанша бақ,
Мен сені көрсем дегелі жүрекке түсті қанша дақ.
Көрсем деп сені ғарышқа заңғар да болып қарадым,
Теңіз боп түпсіз тербеліп, бұлақ та болып тарадым.
Көре алмай сені, бірақ та, маңдайға біткен жұлдызым,
Зымырап мынау жылдармен жұлдыз боп ағып барамын.
Арманда екен бар ақын, тілеме жанға босқа дерт,
Сәулесін шашар сәтімді сағынба енді, тоспа деп.
Көгімнен бір күн жарқ етіп, сорғалап кепт е, сорғалап,
Тұңғиық түпсіз тереңге – айтпастан тіпті қош та деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басылатын емес-ау, шаршағаным

  • 0
  • 0

Басылатын емес-ау, шаршағаным,
Бас ұратын емес-ау, аңсағаным.
Аңсадым ба өзгеше таң самалын,
Неге сонша құмарта тамсанамын?!

Толық

Ұйқысыз өтті сан түндер

  • 0
  • 0

Ұйқысыз өтті сан түндер сарғайып өтіп сары таң,
Ойлардан шығар ормандай арса-арса болып арысам.
Зымырап, жалған дүние сен қанша жүйрік болсаң да,
Арманға толы жүрекпен ақтық дем алып жарысам.

Толық

Қонған бақты білмедің

  • 0
  • 0

Қонған бақты білмедің,
Білдің бастан ұшқанын.
Достарыңды күндедің,
Дос көрінді дұшпаның.

Толық

Қарап көріңіз