Көрінсейші күн болып – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көрінсейші күн болып» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5258
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы,
Өзімменен бір болып!
Күннің көзін тасалайды
Кесек-кесек бұлт бүркеп.
Қара ормандар теңселеді
Әлденеге тітіркеп.
Қанды майдан күркірейді
Шабуылға шақырып.
Елім үшін, сенің үшін
Жатыр оқтар атылып.
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы
Өзімменен бір болып!
1942


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері