Өлең, жыр, ақындар

Жылағың келген шығар...

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 188
Жылағың келген шығар...
Айнадан, көктен, жерден де,
Суреттерімді көргенде.
Жылағың келген шығар...
Бұзылып мәңгі әсте ұйқың,
Аспанның санап тасбихын.
Жылағың келген шығар...
Нұрымды іздеп таңдардан,
Көзімді іздеп шамдардан...
Жылағың келген шығар...
Ойымды іздеп бөктерден,
Жанымды іздеп көктерден.
Жылағың келген шығар...
Шошынып өзің ойыңнан,
Тәнімді іздеп қайыңнан.
Жылағың келген шығар...
Мұңдардан мәңгі қашқаннан,
Арымды іздеп аспаннан.
Жылағың келген шығар...
Көзіңнен сезім тайғанап,
Мұңымды іздеп Айдан ақ.
Жылағың келген шығар...
Кофеңді үрлеп ұртталған,
Сағыныш іздеп бұлттардан.
Жылағың келген шығар...
Жасырып мені тағдырға,
Жасырып жасты жаңбырға.
Жылағың келген шығар...
Іздеумен бақтан сырымды,
Жапырақтардан жырымды.
Жылағың келген шығар...

Өте алмай уақыт қамалдан,
Ернімді іздеп самалдан.
Жылағың келген шығар...
Құшағымда боздап бір,
Жаныма сіңіп, аздап кір.
Жылағың келген шығар...
Іздеумен таппай ғаламды,
Автобустардан қарамды.
Жылағың келген шығар...
Мендегі таппай жолымды,
Жібермей ыстық қолымды.
Жылағың келген шығар...
Жастықты мұз қып шер деген,
Таба алмай жылу көрпеден.
Жылағың келген шығар...
Уақыттан аттап өте алмай,
Көктемге ұшып жете алмай.
Жылағың келген шығар...
Терезең қалып ақшамда,
Гүлдерің қалып бақшамда.
Жылағың келген шығар...
Хатымды өртеп мың қырық,
Телефоныңды сындырып.
Жылағың келген шығар...
Іздеумен...
саған күй сіңді,
Күзекте қалған иісімді.
Жылағың келген шығар...
Соңғы рет мұңмен түйісіп,
Соңғы рет түнмен сүйісіп.
Жылағың келген шығар...
Кеткің кеп менен үш аттап,
Айдың ақ жібін құшақтап.
Жылағың келген шығар...

Бәрінен безіп тым ұзап,
Теңізге қарап күн ұзақ.
Жылағың келген шығар...
Айхайлап, зарлап, тек үнсіз,
Сүюмен мені, тек мұңсыз.
Жылағың келген шығар...
Көзімді іздеп көзіңнен,
Өзімді іздеп өзіңнен.
Жылағың келген шығар...
Жылатқың келген шығар...
мені...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сары кемпір

  • 0
  • 0

Қорқып қалам ызғар шашқан кей демнен...
Дала исі аңқып жатыр жейдемнен.
Кеткім келед туған жерге, апама,
Суық шаҺар итергенде кеудемнен.

Толық

Суықты сүйетінім несі екен

  • 0
  • 0

Суықты сүйетінім несі екен
Жылытқым келгенінен болар.
Үп еткен лепке жапырақ тоңғақ
үсіпті күз қабығында қанап.

Толық

Аспанға қарап, кең болатындаймын

  • 0
  • 0

Аспанға қарап, кең болатындаймын,
Жолдарға қарап, жететіндеймін саған...
Тауға қарап, тұрақты бола бастағандаймын,
Күнге қарап, жүрегім барын сезінгендеймін,

Толық

Қарап көріңіз