Жиһад

Бұл бетте «Жиһад» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Рухы тәнін
табыттай иығына көтерген,
шапандай іле салған бәдәуи –
Жанның киімінен мағына күткен қоғамнан алыстап кетіп,
Әр заттың тәнінен жаніздейді...
Ақиқат шағылысқан айналардың нұрына қызығып,
үнсіз, сәт ішіне жұтылып тұрады...
Тәні – көлеңкесін,
Түні – жалғыздығы азғырып
Үйі – медресесінен алып қашқысы келеді ұзаққа...
Бәдәуи терезенің пердесін ашты;
Жаны әжімді саусақтарымен, аппақ шаштарын салалап
Ауыр жөтеліп, түннің ең терең өткеніне қарады;
Тәнмың әскерімен түннің кең алаңында басқыншылық жасап,
Жанның кішігірім ауылымен соғысқалы замандар өткен...
Алақандай ауылдың отқа оранған шаңырақтары,
керегелері,
бесіктері,
қаһарман сүйектері күлге айналып кеткен...
Бірақ, бір ғана тамшы Нұр ауылдың шетінде
жапырақтың бесігіндеіңгәлап қап қойған...
Жан ғасырлар бойы сол бір жұтым Нұрдың ер жеткенін күтті...
Оны аялап өсірді, қоғамнан жасырды,
Ол Нұр өскен соң, «бәдәуиді өзгертем» деді...
Ақсақал қауғадай сақалын жас тарап,
Терезенің аржағындағы түннің әскері бұлттардай күркіреп,
Нажағай қамшылары аспанды тілгілеп, келе жатқанын есітті...
Көңіліндегі Нұрдан тауыс қанатындай шұғыла шашырап
түнге ұшып бара жатты...
Қария іштей күрсініп «бұл соғыс бітпейді» деді...
Ал бәдәуи, терезенің пердесін жапты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиһад өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жиһад өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиһад өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиһад өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері