Бес жылдыққа құттықтау (әнге арналған) –
Гүлмекен Қасенбай
Бұл бетте «Бес жылдыққа құттықтау (әнге арналған)» атты Гүлмекен Қасенбай жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Бес жылдыққа құттықтау
І) АйСаф мектебі тойлап жатыр,
Бес жылдық мейрамын міне.
Аттестация не болды айтпақшы?
Өттік қой естімедің бе?
Сәттілік мұғалімдерге!
Жетістіктер де аз емес!
Лента кесіп қиған күн,
Оқушыны жиған күн,
Құтты болсын бүгінгі
Туған күн!
Қуанышпен қарсы алдық,
АйСафқа арнап ән салдық
Тілейміз біз мектепке,
Сәттілік!
Әділ басшы біздің Айша апай!
Құттықтаймыз, Айша апай сізді!
Тілекпен ізгі,
Жасаңыз мәңгі!
Қалай, қалай?
Құттықтаймыз, Маржан апайды!
Үлгілі апайды,
Ұжымы қолдайды,
Басшыларымыз супер!
Жаңадан ғимарат салып,
Ең жақсы ұстаздар алып.
Ұжымды биіктен биікке тартып
Аман-есен жүріңіз жүз жастан жасқа толып
Арамызда күліп!
Құттықтаймыз бес жылдықтарыңызбен,
АйСаф ұжымы!
ІІ) Соңғы қоңырау да өтіп жатыр,
Қоштасып түлектер бізбен.
Тілейміз сәт-сапар біз де!
Тоғыздар кете ме, айтпақшы?
Қалатын болған біразы,
Жасасын АйСаф қыздары!
Үздіктер де аз емес!
Лента кесіп қиған күн,
Оқушыны жиған күн,
Құтты болсын бүгінгі
Бес жылдық!
Қуанышпен қарсы алдық,
АйСафқа арнап ән салдық
Тілейміз біз мектепке,
Сәттілік!
Әділ басшы біздің Айша апай!
Құттықтаймыз, Айша апай сізді!
Тілекпен ізгі,
Жасаңыз мәңгі!
Қалай, қалай?
Құттықтаймыз, Маржан апайды!
Үлгілі апайды,
Ұжымы қолдайды,
Басшыларымыз супер!
Жаңадан ғимарат салып,
Ең жақсы ұстаздар тарып.
Шәкірттер тек алтын алып,
Әлемдегі ең озық мектеп атансын,
АйСафты ел танып!
Құттықтаймыз бес жылдықтарыңызбен,
АйСаф ұжымы!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі