Тойға кеткен апама – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тойға кеткен апама» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1179
(Нәсіп Мұстаққызына)

Орлы жаққа жол түссе,
бір соғып қайт, Жан апа!
Ирек өткел жаққа да
көз қырыңды сал, Апа!
Қазір күз ғой, арнадан
Шарон суы тартылып,
Құла байтал іздері
жатқан шығар қайраңда
Басқан мөрдей айқырып!!!
Өткен күндер белгісі
көкейіңде жүр сайрап.
Албырт шақты еске алып,
бір жасап қайт, масайрап.
Көңіліңді өсіріп,
сергіп, бойды жазып қайт!
Көз көргендер жүрсе аман,
қыр қызынан сағынған
дұғай-дұғай сәлем айт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері