Жамандар өзін-өзі зорға балар – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жамандар өзін-өзі зорға балар» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жамандар өзін-өзі зорға балар,
Бір өзінен басқаны төмен санар.
Жақсылар ағын судай, асқар таудай,
Жаймалап қайда жақсы орын алар.
Жігіттер, сақтаныңыз жаман достан,
Досыңның жаманынан артық дұшпан.
Өштескен жаудан адам сақтанады,
Тиеді «достық» оғы қапылыстан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері