Өмірдің талай қыры бар – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Өмірдің талай қыры бар» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1289
Өмірдің талай қыры бар,
Өмірдің талай сыры бар,
Қуаныш пен қайғының
Өзіне тән жыры бар.
Жаздың қызыл гүлі бар,
Гүлдін де солар күні бар,
Гүл солғанын күз ұғар,
Әр мезгілдің сыры бар...
Күздің де келер қысы бар,
Қыстың да аяз күші бар,
Көктем туса қыс қашып,
Бас иіп, қол қусырар.
Өмір барда – өну бар,
Туу барда – өлім бар,
Адам өлмес болса екен,
Ажалда мәңгі кегім бар!
Кезімен ажал жеткені
Өкініш емес, тек мені
Өкінтеді адамның
Мезгілсіз өліп кеткені...

1961


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері