Кедейлік ер жігітке намыс емес – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Кедейлік ер жігітке намыс емес» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кедейлік ер жігітке намыс емес,
Жоқ болсаң туысың да таныс емес.
Суық үй, арық соғым, жаман қатын,
Үшеуі кедейліктен алыс емес.
Жоқ болсаң, қызыл бүйі үйің болар,
Бар болсаң күндіз-түні жиын болар.
Алыстан кедейліктің алдынан шық,
Төбесі көрінген соң қиын болар.
Ант соқса, адам шіркін тосылады,
Кері кетсе, ұйқы кеп қосылады.
Құл-құтан, қарақалпақ болса-дағы,
Мал шіркін абыройыңды жасырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері