Айтайын біраз кеңес бастан кешкен – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Айтайын біраз кеңес бастан кешкен» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айтайын біраз кеңес бастан кешкен,
Жамандық, көрген залал кетпейді естен.
Бір мағына əр жақсыда деген сөз бар,
Айтқаны кейбір шаһбаз көкей кескен.
Айтысқан уағдалы жеріңде бол,
Достықтың асары жоқ күнде дескен.
Сиырдай мұз жалаған мейрің қанбас,
Жаманға жазатайым ісің түскен.
Ажарға жаман адам қарамайды,
Істерді келген, кеткен санамайды,
Басыңа іс түскенде жаман досың,
Беруге ат құйрығын жарамайды.
Жүйрікті елде көрдім топтан шыққан,
Бəйгеден келеді екен талмай шапқан.
Қызығы жігіттіктің сол емес пе,
Аралап əрбір жердің дəмін татқан.
Дегенше жігіт момын, жаман деңіз,
Шабан артық бола алмас жаман аттан.
Түлкідей түнде жортып жүргеніңе,
Алмасын аяғыңнан темір қақпан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері