Екі келін – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Екі келін» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көшкенде көлік болмас түйе алдында,
Еруде сауын болмас бие алдында,
Ақырған аждаһадай аю келін
Біз түгіл, құдайынан ұялды ма.
Келінде де келін бар сара келін,
Кей келін ас бермейтін қара келін,
Кез келгенге түсіріп құрмет еткен
Анамыздай болмай ма, мына келін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері