Санай берсең жетімді жетпіс болар – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Санай берсең жетімді жетпіс болар» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Санай берсең жетімді жетпіс болар,
Бірақ та арманда шын үш жетім бар:
Бірінші – ат жетім өрен жүйрік шабылмаған,
Екінші – құс жетім саятшысы табылмаған,
Үшіншісі – болады екен əйел жетім
Өзінің теңін тауып қосылмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері