Асылдар – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Асылдар» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балға, Балта, Едіге –
Керейден шыққан асылдар.
Маңайында жүрмеген,
Елді бұзған масылдар.
Алла, аруақ, әулие,
Бабаларды қолдаған.
Өзбек, Жәнібек, Бердібек,
Бұлантемір хандардың.
Ғаскерін бастап әр жылда,
Зәресін алған жаулардың.
Кәпірді қырып күйреткен,
Інісіне, ұлына соғысуды үйреткен.
Ақ орданы күшейтіп,
Есіләм дінін өрлеткен.
Мүфтилерді бұлардың,
Болған жоқ ісі налытқан.
Сыбызғымен күй тартса,
Денесін көптің балқытқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері