Ұлы жолда – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ұлы жолда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4618
Отан үшін өлімге
Белді байлап бас тігіп,
Жапанда жанын тапсырды
Жалындап жанып жас жігіт.
Толқын шашын от шалып,
Ақша беттен нұр кетті.
Жас шағының жазынан
Айрылатын күн жетті.
Қимай байтақ әлемді,
Көктің шолып көлемін.
Жер қойнына кірерде
Айтты ақтық өлеңін.
— Алпыстан асқан анашым
Қабырғасы сөгіліп.
Көре алмай жалғыз баласын
Артымда қалды-ау егіліп.
Деді де өксіп жас жігіт
Талықсып кетті есі ауып,
Алмадай бетін бүркеді
Шапағымен кеш жауып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері