Алматы туралы ән

Бұл бетте «Алматы туралы ән» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сағындың ғой көптен,
Самал желді өпкен,
Жұпар шашты көктем, Алматым.
Гүлге оранды бағың,
Бастады жыр-әнің,
Құлпыратын шағың, Алматым.

Қайырмасы:
Алматым – аяулым,
Құшағыңды аш маған.
Асқар тау – саялым,
Алтын бесік астанам!

Бақытым да – бір сен,
Арманым жоқ сенің
Құшағыңда жүрсем, Алматым.
Мөлдіреген көлің,
Желбіреген көгің –
Қуанышым менің, Алматым.

Қайырмасы:

Асыл әнім – сенде,
Жасыл бағым – сенде,
Ғашық жарым – сенде, Алматым.
Аялайтын анам,
Арқа сүйер панам,
Еркелеймін саған, Алматым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы туралы ән өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Алматы туралы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы туралы ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы туралы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері