Байғабыл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Байғабыл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3121
Баяу аққан Байғабыл,
Бір кішкентай өзенсің.
Ашуыңа кез келсе
Асу бермес кезеңсің.
Қыздың қара көзіндей
Мөлдіреген тұнықсың.
Толқыныңа сүңгімей
Сырларыңды кім ұқсын.
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері