Өлең, жыр, ақындар

Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 548
Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да
аппақ қарлар түскен кезде жондарға,
аппақ қардан аппақ шәлi жамылған
дайындалам бару үшiн орманға.
Дайындалам кеудемде бiр нұр тұнып,
жүрегiм де соғар менiң ұмтылып.
Дайындалам орманға мен,
дегенмен
жоқ бiрақ та мылтығым.
Алмаймын мен қара мылтық, оқтар да,
аңның қаны төгiлмесiн ақ қарға.
Дайындалам орманға мен,
бiрақ та
алмаймын мен тұзақтар да, қақпан да.
Орман тұрса күтiп менi томсарып,
кетем соған аппақ қарға жол салып, –
түсiрем деп, аң бiткендi суретке,
қайтамын деп, құстарына жем салып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өткеннен әңгіме

  • 0
  • 0

Түркістанның
Темір жол мектебінде
Оқып едім.
Оқуды қатырмасам да,

Толық

Бүгінгі ауыл

  • 0
  • 0

Ауылым-ай!
Ауылы қазағымның!
Көрiп сенiң түрiңдi назалымын.
Жатырсың ғой арқалап сен бүгiнде

Толық

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа

  • 0
  • 0

Біріңді бірің
Жетелегендей болып,
Біріңнен соң бірің
Кетіп қалғандарың-ай!

Толық