Шыңдағы шынар – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Шыңдағы шынар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалғыз шынар тұр жайқалып,
Биік таудың басында,
Жұлдыз бен бұлттардың қасында.
Жел суылдап, көл шуылдап,
Жапырағы ұшқанда –
Ұқсайды көктегі құстарға.

Қайырмасы:
Тұрады
Күзетіп
Туып-өскен мекенін,
Сезеді
Өзі де
Мәңгілік бір екенін.

Асқар таумен сырласады,
Ұқсамайды пендеге,
Қайғы-зар салмайды кеудеге.
Кірбіңі жоқ, бір мұңы жоқ,
Шомылады жаңбырға,
Мәңгі ырза осынау тағдырға.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері