Ашық аспан – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ашық аспан» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспанда бірге күніміз,
Атады бірге таңымыз.
Біздердің билер биіміз,
Біздердің айтар әніміз.

Қызғалдақ өссін қырларда,
Торғайлар қонсын жас талға.
Ақша бұлт тұрсын шыңдарда,
Ақ қаздар ұшсын аспанда.

Толықсып жерде алтын дән,
Тоғайда құстар сайрасын.
Аспанда салют жарқылдап,
Аспанда жұлдыз жайнасыy.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері