Достық әні – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Достық әні» атты Сағи Жиенбаев жазған достық туралы өлең берілген.

Аймалаған дала таңы,
Әлдилеген шың-құздары.
Бір ұяның балапаны,
Бір ауылдың жұлдыздары.

Қайырмасы:

Құрдастарым,
Мұңдастарым,
Қайда жүрсем,
Қимастарым.

Әніміз бір көктемдегі,
Шырқайтын бір аспанымыз.
Жан достарым, көптен бері
Бөлек-бөлек асқарымыз.

Қайырмасы:

Көз алдымда жасыл бағым,
Сағынамын гүлдерін де.
Күндіз-түні асығамын
Өздеріңді бір көруге.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері