Табиғат – Садықбек Хангелдин

Бұл бетте «Табиғат» атты Садықбек Хангелдин жазған табиғат туралы өлең берілген.

Табиғат,
Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің,
Сен – Ормансың.
Сен – Бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған*.

Сен – Жарықсың,
Сен – Жерсің,
Сен – Гүлсің,
Сен – Адамсың,
Сен – Ауасың,
Сен – Анамсың –
Бәрі Сен – менің өмірім сен сыйлаған,
Туған жерім – Отаным – Қазақстан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар