Ер мінез інім Есенге

Бұл бетте «Ер мінез інім Есенге» атты Кәкімбек Салықов жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

(Есен Айтбековке)

Інілерім –
Тірегім,
Қартайғанда сенерім,
Өз қатарым азайып, соларға еріп келемін.
Жасампаз берік үлесі,
Жастар – заман иесі,
Олар барда жеңеді әділдік ашық күресі.
Менің ғана емес­ау,
Жастар – ұлттың тірегі.
Алашым деп соғып тұр жастүлектер жүрегі.
Еңбекқор әрі ер мінез,
Есен атты азамат
Інім бар менің, қажымас қайсар қазанат.
Осынау байтақ әлемде
Ол білмейтін бар ма гүл?!
Төрінде отыр нұр шашып алтын келінім Алмагүл.
Шаңырақты жайнатқан,
Бақыт құсын байлатқан,
Құтты болды қадамы Есенге жігер қайратқан.
Ар­намыс біздің Есеннің
Ақ сүтпен ерген досындай,
Ақиқат үшін айқасқа шығады ешбір шошынбай.
Жақсы көрсем Есенді,
Көркейтті жүрген көшемді,
Кішіге жасап қолғабыс, үлкенді сыйлап төселді.
Елуге келген тойыңмен
Құттықтаймын, Есенім!
Ақылға салып ардақта, аға болдың десе кім.
Келешегің зор болсын!
Жеткізер жүзге жол болсын!
Алланың жауып рахматы,
Құт­берекең мол болсын!

30.11.2013


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер мінез інім Есенге өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ер мінез інім Есенге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ер мінез інім Есенге өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ер мінез інім Есенге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері