Сәтті арадай бал терген қанша гүлден – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сәтті арадай бал терген қанша гүлден» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәтті арадай бал терген қанша гүлден,
Көксегенін көкіректің аша білген.
Заңғар ойшыл Рудаки – нағыз алып,
Ой пернесін әлемнің баса білген.
Осы менің тапқаным ғаламаттан,
Өзге өнерін саусақтап санап жатпан.
Мұсылманнан ғана емес,
Ол данышпан
Орын алған ең озық адамзаттан.
Шексіз сүйді жазғанын оқырманы,
Әр рубаиы ғазелдер нөпір мәні.
Қосамын деп қай кезде қай аспапты
Дирижердей елестетер отырғаны.

08.12.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері