Суы осы нұраның – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Суы осы нұраның» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2438
Шахтер нұсқап бір үйді
Кетті өзі бастап-ақ.
Көп екен өр, ылдиы,
Шамасы он баспалдақ.
Сатылар да сартылдап,
Өттік асу біз қанша.
Ашты есігін жарқылдап,
Шахтер жары Биғайша.
Алдымыздан ашылды
Бір есіктен бір есік.
Электр шам асулы,
Бөлмеде гүл тұр өсіп.
Батса керек жол қатты
Қалдым бір кез су сұрап.
Салқын суды саулатты
Кранды ағай бір бұрап.
Орнынан тез ол тұрып,
Деді:—«Шырақ, бұл ағаң.
Өз үйінде отырып,
Су ішеді Нұрадан».
1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері