Өлеңім - мұрам – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Өлеңім - мұрам» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Сіз де біздей болғансыз,
біз де Сіздей болармыз».
Арманда, әлде армансыз,
бір мекенге барармыз.

Алтын нұрға зарығып,
Айды аңсайтын күн туар.
Үзіледі бар үміт,
есіміміз ұмытылар.

Көктем қайта оралар,
біз марқайған жерлерге.
Қайың ұлпа оранар,
мұз қонақтап көлдерге.

Мәңгілікке туғам жоқ,
мен де бір күн өлемін.
Ұрпағыма мұрам боп
қалатын сен, Өлеңім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері