Мүгілсін – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Мүгілсін» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2456
Жүзің қызыл шырайлы,
Қарындасым Мүгілсін.
Боянбауың ұнайды,
Боянбай-ақ сұлусың.
Ажарың бар аяулы
Бояуға онша өкінбе,
Табиғаттың бояуы
Тұр өзіңнің бетіңде.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері