Астана төгіп тұр нөсерін – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Астана төгіп тұр нөсерін» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Астана төгіп тұр нөсерін,
Жанымды жерге кеп төседім.
Жауын боп жібергім келмей тұр,
Бұлт болып іздедім неше күн...

Тек сені сағынған мен едім,
Назымды алаңсыз төгемін.
Мен кетіп барамын баянсыз,
Сен енді сұрама себебін.

Жанарын талдырып Есілдің,
Күттірген кештерді өшірдім.
Мен сүйіп қалған соң қайтейін,
Өзімшіл боп алдым кешіргін.

Сенсіз де сөнбес бұл шырағым,
Сабыр боп несіне сынадың?
Сүюде болмайды шекара,
Қоштасу арасы бір адым....

Астана қарайды тұнжырап,
Бір күліп алады бір жылап.
Гүлдер де аңсатар иiсiн,
Дәл мендей сүйеді кім бірақ?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері