Тағы бір шылымның сорабы – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Тағы бір шылымның сорабы» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тағы бір шылымның сорабы,
Бос қалған қорабы...
Дүние түтінге тұншығып,
Бүрсиіп тоңады...
Гүлдердің қауызы жабылған,
Ақ моншақ тағынған.
Өкшесі езілген көліктің,
Шалшығын жамылған.
Жәутеңдеп жандарға жанары.
Қайыршы қарады...
Көп адам ішінен жас бала,
Қалтасын қағады...
...Қаланың шамындай жарықтар,
Сөнетін уақыт бар...
Адасқан жүректер, жылаған,
Жоғалған бақыттар.
...Тағы бір шылымның сорабы
Ашылған қорабы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері