Дауысыңды естуім де мұң болды – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Дауысыңды естуім де мұң болды» атты Динара Мәлікова жазған мұң туралы өлең берілген.

Дауысыңды естуім де мұң болды,
Келеді ме кездескің?
Батыл едім, жігерім де құм болды,
Келеді ме өзгерткің?
Кетем деп ең, әлі кеткің келе ме?
Аңсарыңды ұмытып.
Кетер болсаң ләззатыңа бөлеме,
Сөнер мейлі, бір үміт...
Бұл үміттің өмір сүрген кезі жоқ,
Өз сәулесін таппаса.
...Әйелдердің арманынан сөзі көп,
Менде бәрі басқаша...
Мұңлы өлең жазды екен деп жызғырма,
Өкпелеуге батырмын.
Жанарыма жырлар жазып алып алдым да,
Кірпік ілмей отырмын.
...Кетем десең, жыламайтын шыгармын,
«Дұрыс» дермін өтірік.
Үнсіз ғана құшағыңа құлармын,
Ұмытуға бекініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері