Сен өмірдің көзінде мөлдіредің – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сен өмірдің көзінде мөлдіредің» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен өмірдің көзінде мөлдіредің,
Мен өлеңнің ішінде үлбіредім.
Біз екеуміз болып алдық бір адам,
Енді қалай қаша аламыз күнәдан?
Күннің нұры гүлдің ернін сүйгендей,
Кіріп келдің жүрегіме именбей...
Өзіңменен тынысым да бір - денем,
Ұйықтап қалсам сүйіп кетші түнменен.
Ал...түсімде сені іздеп табайын,
сосын таңда...оянбай-ақ қалайын..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері