Таң самалы – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Таң самалы» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таң самалы,
Көп-ақ екен жанымның аңсағаны.
Өзіңді көрсем деген бірер арман,
Кеудемде жар салады,
Сені күтіп, көп болды шаршағалы.
Шағын кафе,
Жұрт күліп тамсанады.
Ұрттап ішкен масайтып бал шарабы,
Сыңғырлатып бокалын қағыстырып,
Бірі билеп, ал бірі ән салады.
Ал мен үшін,
Тәтті емес өмір керім,
Алдап-арбап мұқалтты сенімдерім.
Сен екеуміз тоздырған бұл орыннан,
Осы күні өлердей жерінгенмін.
Бітті бәрі,
Жанарыма домалап шық тұнады,
Айналамның бақытты тіпті бәрі.
Күйтабақтан төгілген көңілсіз күй,
Жалғандығын өмірдің ұқтырады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері