Тыныш бөлме, ал көңіл есіреді – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Тыныш бөлме, ал көңіл есіреді» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тыныш бөлме, ал көңіл есіреді,
Сырт-сырт етіп соғады сағат қана.
Құдайым тек бәрін де кешіреді,
«Сабыр» дейді төзім мен тағатқа да.
Пәстеу күйде әрнеге алабұртып,
Қойып жатам өзімше сезімге мін.
Жалғыздығым кеткенде жан ауыртып,
Тамып қалып жатады көзімдегім.
Аңсамаймын түкті де тұнық түнім,
Бақытымды өзіммін құрбан еткен.
«Өңің неге мұншалық сынық күнім», –
Анам қойған сауал көп жылдар өткен.
Берекесін тілеумен шаңырақтың,
Өмірімді өлшемей өңімменен.
Жыр әлемде келді ме жалын атқым,
Әлденені іздеппін көрінбеген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері