Достарға – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Достарға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3345
Армения — мәңгі көктем, жасыл май,
Өзендерің тойға шашқан шашудай.
Кәрісің сен алғашқы Адам атадай,
Жассың біздің жиырмасыншы ғасырдай.
Құрдастайсың сонау күннің өзімен
Сөйлейсің сен Исакиян сөзімен.
Қарайсың сен Араратқа армандай
Севан көлдің мөлдіреген көзімен.
Арараттың асылады басына ай,
Қараторы армян қызы қасындай.
Жатады тас жарты аспанды құшақтап,
Жер мен көкте қатып қалған жасындай.
Армения, жақсы келдің, дос бауыр,
Бір ай бойы тосты қала, тосты ауыл.
Жүректердің жалынынан жаралған
Бұл достыққа болмайды еш тосқауыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достарға өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Достарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері