Алматыға келе жатыр ереван – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алматыға келе жатыр ереван» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2164
Армения, жүрдім сені аралап,
Өз басыма іздегем жоқ дара бақ.
Айастаниың аспанынын, астында
Бір жыладым, жылағанда Арарат...
Аракспен аласұрып бір ақтым,
Жандым бірге ішінде мың шырақтың.
Ұштым бір кез қанатына қонып ап,
Сасунский жалын құшқан пырақтың.
Қара бұлттай жұттым сенің мұңыңды,
Шаттығындай іштім сенің күніңді.
Көрдім сенің жастығыңды бүгінгі,
Бес мың жылдық тарихыңды бұрынғы.
Текше-текше тастарыңа қарадым,
Сол тастардай тұнжырады қабағым.
Әрқайсысы секілді бір жауынгер
Денесінде жатты ізі жараның.
Тастар мұнда көптігі де соншалық,
Күнге тура тартқандай бір жол салып.
Арман жүгін сол сапарда арқалап,
Қатып қалған қансыз-сөлсіз томсарып.
Тас сөйлесе жалғаны жоқ бәрі рас
Тас жырын сен жаттап ал да әрі ас.
Жатыр ғажап ертегідей Ереван
Әрі кәрі дүниедей, әрі жас.
Ай — Ереван, күн — Ереван Ереван,
Армяндарға жоқтай қала тең оған.
Халықтардың кемелерін қабылдап
Жатыр мұхит Ленин тұрған кең алаң.
Бірге шалқын Саят-Нова сазымен,
О, Ереван, сенде бір жыр жазып ем.
Досым енді сапар шегіп келеді
Қазақтардың танысқалы жазымен.
Көрші енді, досым, қырды аралап,
Жар саламын бүкіл елді жағалап:
— Алматыма келе жатыр Ереван! —
Алатауға келе жатыр Арарат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға келе жатыр ереван өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алматыға келе жатыр ереван өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға келе жатыр ереван өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыға келе жатыр ереван өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері