Наполеон березинада – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Наполеон березинада» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1937
Наполеон тұр әрең
Баяғыдай жоқ халі.
Қашты талай жырамен
Қуып орыс оқтары.
Күрсінеді аһ ұрып,
Айналасы от-тозақ.
Ойнайтұғын атылып,
Жоқ астында ақбоз ат.
Қайда айбыны дауылдап,
Дүниені шайқаған.
Парижде бір дамылдап,
Жауға тисе қайтадан...
Ұйқыдағы түстей бір
Бұлдыр сағым бұл алыс.
Кіжінеді іштей құр
Ойдан іздеп жұбаныш.
Туды басқа тар кезең
Алақтады қол босып.
Артында жау, қанды өзен
Жатыр алда жол тосып.
Қашса артқа бір өлім
Басса алға бір өлім.
Бір найзағай өткендей
Екі бөліп жүрегін.
Азар өлмей ұяттан
Зытып берді ол бұғып.
Ұлылықтан бір аттам
Жер ғана екен сорлылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері