Жасы оның он бірде еді – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жасы оның он бірде еді» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2324
Отқа қақтап өлтірді оны
Жасқануды ол білмеді.
Алты күндей азаптады,
Ал ол болса он бірде еді,
Ал ол болса он бірде еді.
Он бір жаста отыз жастай,
Болып шықты жігерлі еркек.
Полицайды үй-ішімен
Шырпы қойып жіберді өртеп.
Ал ол болса он бірде еді.
Өліміне жел еңіреп,
Ақ қайыңдар аза тұтты.
Аспан көзі мөлдіреді,
Аңсады ол азаттықты
Жасы оның он бірде еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері