Жылқышының баласымын
Бұл бетте «Жылқышының баласымын» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарлы таудың торғын төсті
Баурайында бозғыл тұман.
Құздарында нар өркешті
Ақ жібек бұлт оратылған.
Ширатылған көкше құрақ,
Күміс көбік көл жағасы.
Үйрек ұшып, қаз қаңқылдап,
Бетінде ойнар шағаласы.
Айнадай боп жарқыраған
Тұнық көлдің жағасында,
Жылқы бақты менің әкем
Қаратаудын аясында.
Шауып жүрді шұрқырасып
Жібек жалды құлындарым.
Мөлдір үні шыңдарды асып
Күмбірлетті тау аңғарын.
Атқан кезде сарғайып таң
Шүйгін шөпке шығарамын.
Ыстық түсе шаңырқаған
Көлге әкеліп суарамын.
Елікше ойнап еліреді,
Қаздай иіп мойындарын.
Құйындай боп жөнеледі,
Желбіретіп жібек жалын.
Жұмыртқа жон жұмырланып,
Ту құйрығы күлтеленіп,
Бейне сағым мың бұралып,
Әкеткендей жел көтеріп.
Тас төбеде кос кұлағы,
Қара көзі оттай жанып,
Төңкеріліп ай тұяғы,
Зырқырайды жұлдызша ағып.
Жазғы жайлау көркем тауда
Бағып колхоз қульндарын,
Исі жұпар таза ауада
Дем аламын, тынығамын.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі