Шәкірт алғысы – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Шәкірт алғысы» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2016
  • 0
  • 1
  • 23608
Бағалар шәкірттік өткенін,
Міне, енді түлек боп самғармыз.
Ұстазым, аяулы мектебім,
Білімді сіздерден алғанбыз.

Шәкірт жыл біздерді ұштады,
Түлек боп салтанат құрармыз.
Аяулы мектебім, ұстазым,
Сіздерге рақмет, мың алғыс!

Қоңырау соңғы рет соғылды,
Мінеки, алға өмір басталып.
Сонда да шәкірттік өмірді,
Ұмытпай жүрерміз еске алып.

Ұстазым, қаларсыз көңілде,
Алғанбыз жақсы істің тәлімін.
Бізге әлі көп көмек өмірде,
Тигізер сіз берген тағылым!


Пікірлер (1)

8001

Рахмет жұмысымызға жақсы өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері