Туған жер – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Туған жер» атты Ерлан Ахмет жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өтіп жатқан әрбір күнім – сый-ағын,
маржандарын, асылдарын жиямын.
Сағыныштың пернелері сыңғырлап,
тербетеді туған өңір күй-әнін.

Ыстық көрем тауларымның нарлығын,
құшағыма басып берген бар гүлін.
Тіл қатқаннан бір есейген тал-қайың
көз алдыма елестетер барлығын.

Шырын бұлақ дауа болған аптапта,
көсілгенде мамық майса тастақ та.
Аллаһ нұры жауған кезде бәріміз
шипа көріп, аунайтынбыз батпаққа.

Қайдасыңдар, қарлығаштар, түнгі аспан
бауырында мұң басқанда, сырласқан?
Кіндік қаным тамған өлке төсінде
сүйіктінің сырын бірге ұрласқан.

Қуат тілеп арай төккен таңымнан,
маған қатер – шалғай жүрсем жаныңнан.
Өзгереді дүрсілі де жүректің
белгі беріп сыңайынан сағынған.

Жазираңның жұпар иісі қылар мас,
аңсағанда жанарыма тұнар жас.
Өскен жерін өркенді елдің ұланы
санасынан ұмыт қылып, шығармас.


Пікірлер (2)

Нығмет

Жақсы туынды!

Бакыт

Балам 5 жаста, бала бакшадагы саиыста осы оленнин төрт шумагын жаттап биринши орын алган. Оте тамаша туынды. Рахмет.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері