Өнегеге бай аға

Бұл бетте «Өнегеге бай аға» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өмірі – дүние емес, сезімге бай,
өзінше өрнектеген сөзін де ұдай.
Өн-бойы өнеге мен төзімге бай,
өзгеше жаратыпты өзін Құдай.

Көксері – жүрегінің иманы боп,
кісіні құрметтеуді тиғаны жоқ.
Күнкөріс күресінде жиғанынан,
кембағал жарандарға қиғаны көп.

Жатса да шалғай тірлік көші мейлі,
«Жақсы адам – көңілімнің хошы» дейді.
Жалғанның жалпағынан жырақ жүріп,
жанына жақын болар дос іздейді.

Құбылып тұрса-дағы заман бүгін,
қайырлы іске бастар тамам күнін.
Қалпымен қарабайыр қарашаның
қайрылып барып сұрар амандығын.

Аяңдап жетті әкенің арманына,
Аллаға дәйім разы болғаны да:
ағайын ортасында аман-есен,
алпыстың асқарына қонғанына.

Ағалық ақылыңыз аса берсін,
арнадан нақылыңыз таса берсін!
Алшаңдап, ақсақал боп арамызда,
аяғың жүзге қарай баса берсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнегеге бай аға өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Өнегеге бай аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнегеге бай аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнегеге бай аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері