Аласарып Ай батқан – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Аласарып Ай батқан» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 26189
Аласарып Ай батқан,
Ай батқанда, аймаққа,
Жұлдыз шоғын жайнатқан.
Аумайды бір құс жолы,
Ақтарылған қаймақтан.
Көкжиекте таулардың,
Көтерілсе түңлігі,
Баурайдың да, бар маңның
Көрінеді кіндігі.
Бастарында Мұзарттың,
Ағараңдар сәлдесі.
Түнгі сапар ұзақ тым,
Бір құдайдың әуресі.
Көзіңе ұйқы байланып,
Қалғытады бір демде.
Түні бойы айналып,
Жүргендейсің бір жерде.
«Шәйі орамал бір байлап...»
Шыдамадым, өн салдым.
Жұлдызды аспан тұр жайнап,
Кеудесіндей маршалдың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

БӨЛЕКБАЙ Бексұлтан

Өте күшті сізді бәрі сыилпиды ертең гі туған күнің нізбен құттықтаймын

Мұқағали мақатаев

Тақпақтар

Мұқағали мақатаев

Ол кісі ақын

Мұқағали мақатаев

Ол кісі ақын дарын оқим ол өте күшті шығарған

Осы автордың басқа өлеңдері