Келемін алуан ойлар ырқыменен

Бұл бетте «Келемін алуан ойлар ырқыменен» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1769
Абайдың көшесімен бойлап төмен,
Еске алып, талай істі ойлап келем.
Ақынның дана жыры санамызға —
Қалған ғой, қашаннан да орнап терең.
Келемін алуан ойлар ырқыменен,
Бірі тежеп, біреуі жүршілеген.
Келемін, өткен күнге көз тоқтатып,
Жапырақ жамылыпты сыршыл емен.
Жұлдыздар көз көрімде шоқтанады,
Қиылып, ай ару да көп қарады.
Ол-дағы ой тербеген ақын ба екен,
Жарқырап шеткері үйде от жанады...
* * *
Өткен күндер қасіреті жойылмай,
Мінезің де ауыр тартты шойындай.
Шығып едің құлагердей өміріңе —
Жүр ме көңілің тойынбай?..
Жан толқытқан сан ойларды мойындай,
Мұңданады, қара көзің мойылдай.
Өмір — дойбы, сен қапыда ұтылдың,
Бір тасы кеп өз орнына қойылмай.
Тыңдағанға әнмен айтар сырың көп,
Аңғарғанға қалар, үлкен түйін боп.
Мойымасты мойытатын күшпенен —
Әттең, тағдыр, құбылмалы, қырың көп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келемін алуан ойлар ырқыменен өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Келемін алуан ойлар ырқыменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келемін алуан ойлар ырқыменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келемін алуан ойлар ырқыменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері