Түнде – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Түнде» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3287
Төмен қарай түн төсімен құлапты,
Қараңғыда жатыр үнсіз сұлап қыр.
Беймезгілде жауған жаңбыр астында
Қарағайдың бұтақтары жылап тұр.
Көрінбейді арғымақтың шашасы,
Аяғыңды сәл абайлап басасың.
Ауа – дымқыл, аспан бұлтпен тұтасқан,
Қорқынышты ағаштардың тасасы.
Жылылық пен жарық қазір өнімсіз,
Көре алмайсыз күндізгінің көбін сіз.
Үсті су-су жапырақтар жабырқау,
Күзде жауған түнгі жаңбыр көңілсіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері