Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1401
Гиссар түні,
Гиссар түні —
Ән түні,
Жан балқытты бұлбұлдардың бал тілі.
Әнге айналып,
Күйге айналып кеткендей
Аспандағы ай,
Жұлдыздардың жарқылы.
Тәжіктердің атар таңын қарсы алып,
Шынарлар да тұр ма дерсің ән салып.
Мәжнүнтал да билегендей дөңгелеп,
Мынау түннің құдіретіне тамсанып.
Кезім ғой бұл жүрегімнен жыр жазар,
Думандатып жатыр мынау түн базар.
Кезектесіп жыр төгеді маңайға,
Екі шайыр —
Ақнозар мен
Гүлнозар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері