Өзіңе – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өзіңе» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3732
Желге ырғалып үлбіреген
бейне жаздың гүліндей.
Сезесің бе, жастығыңды барады өтіп білінбей.
Күндер тез-ақ асығады,
жылдар жылжып артынан,
Ақ қайыңдар ырғалады таңға көзі ілінбей.
Толқындар көп айналамда,
төземін мен бәріне,
Дауыл ұйтқып құтырады мініп кейде кәріне.
Қалжыраған түн саябыр,
демалады ақырын,
Бақта бұлбұл ұйытады "сиқыры" мол әніне.
Шертші, шертші домбыраңды,
келер одан сыр ұтқым,
Көп-ақ еді айтарым да, келмеді рас шын ұққың.
Ұнатушы ем жаз әлпетті жайдары сол қалпыңды,
Қыс мінезі қалыптасты,
кешір құрбым, суықпын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері