Өлең, жыр, ақындар

Әбжан Шортанбаев

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1689
Өңі жұқа, қағылез қартайса да,
Қайрат - күші жастағы ортайса да.
Ұзақ ойдан қояды арыла алмай,
Отырса да, жүрсе де, жантайса да.
Ұнатпайды ол шашылып төгілгенді,
Ұнатпайды ол жалпая семіргенді.
Күнде ертемен жүгіріп алқынғанша,
Көтеріп те қояды темірлерді.
Бала жастан сүймейтін жеңілгенді,
Қағып–сілкіп тастайтын жеңілдерді,
Шыңырау шақта түбінде жел соқтырып,
Қопаратын тас қара көмір - кенді.
Естен оңай шыға ма өткен жылдар, -
Терең шахта, тіркескен көмір шыңдар.
Сол шыңдардан аулаққа алыстатып,
Алып бара жатыр-ау мезгіл мұңдар!
Қартайған соң қайтадан қайрылмайсың,
Алды-артыңды қалай бір ойланбайсың,
Ойсыз қалсаң қоңылтақ ол да ыңғайсыз,
Жарты жолда тоналып қалғандайсың...
Әбжан бір сәт тынығып алады.да,
Ойдан қашып оңаша қалады да,
Етек-жеңін түрініп су себеді,
Балалардың ойнайтын алаңына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбжан Шортанбаев өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Әбжан Шортанбаев өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әбжан Шортанбаев өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбжан Шортанбаев өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері