Теңізбен бетпе-бет – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Теңізбен бетпе-бет» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2689
− Теңіз деген осы ма - деп қараймын,
Шарқ ұрғызған шабыттарын талайдың,
Міндім десем кереметтей кемеге,
Шыққандаймын елдегі бір төбеге.
Айналам кең ай даламдай өзімнің
Сыпырылды томағасы көзімнің:
Толқындары ысқырып жел қайырған,
Қой секілді өзіміздің жайылған.
Деуші еді ғой теңіз сыры тереңде,
Қазақ оны қоса алмас - ты өлеңге.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері