Келеміз – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Келеміз» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2100
Европа оң жақта,
Азия сол жақта,
Ортада біздің кемеміз.
Аспанда күн жүзіп,
Теңізде біз жүзіп
Шығыстан бірге келеміз.

1957
* * *
Қашанғы ерсін, қажыды, шаршады күн,
Еңкейді әне алуға түнде тыным.
Ашты қызыл көрпесін жамылатын,
Жеті мезгіл қақпасы жабылатын.
Ертең кайта тұрады оттай жайнап,
Көк бетінен тастайды бұлттарды айдап.
Бүгінгідей тағы да бір тартармыз.
Балықшыны су өткен құрғатамыз.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері