Қара теңізге – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қара теңізге» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3842
Теңіз, теңіз, Қара теңіз!
Туғандайсың көкпен егіз.
Өзгерілмес өз күйінде
Жатырсың бір жарты дүние,
Мен де сонау әуел бастан
Әбділда боп жаралмастан,
Теңіз болып туғанымда,
Құл боп кетпей қу қарынға,
Бұлтқа айналып алған демім,
Күйге айналып соққан селім.
Жатпас па еді сенше ырғалып,
Тұрмас па еді жұрт таң қалып!

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері